Мұнай экспортына салынатын баж рекордтық деңгейге жетті

Energy Monitor мәліметінше, 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында қазақстандық мұнайдың әлемдік нарықтағы орташа бағасы барреліне 129 долларды құраған. Осы көрсеткішке сәйкес, қараша айында мұнай экспортына салынатын кедендік баж тоннасына 145 доллар болады. Дереккөз мұны Қазақстан тарихындағы рекордтық мөлшерлеме деп бағалайды.
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жариялаған кестеге сәйкес, 2026 жылғы қыркүйекте мұнай мен мұнай өнімдерінің экспорттық кедендік бажын анықтауға қолданылатын шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы 94 АҚШ долларын құраған. Қаңтарда бұл көрсеткіш 63 доллар болған.
Мұнай экспортына салынатын баж
2026 жыл · АҚШ доллары / тонна
Баждың өсуі бюджет түсімдерін арттыруға ықпал етуі мүмкін. Алайда Energy Monitor шағын және орта мұнай өндірушілер үшін қаржылық жүктеме күшейетінін атап өтеді: олар мұнайын есептеуге негіз болған әлемдік бағамен сатпаса да, бажды прогрессивті шкала бойынша төлеуге міндетті.
Oilprice порталында 2 қарашада қолжетімді болған деректер бойынша, CPC Blend мұнайының бағасы барреліне 133,65 долларды, ал Brent 111,50 долларды құрады. Кестеде CPC Blend бағасы 0,88% өскені, Brent 1,70% арзандағаны көрсетілген. Баға көрсеткіштерінің жаңару уақыты әртүрлі.