Ұлттық банк қараша айында 302 млрд теңгеге тең валюта сатпақ

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Қазан айында интервенция жүргізбеген / Фото: shutterstock

Қазан айында Ұлттық банк Ұлттық қордан 910 млн АҚШ долларын сатып алған. Бұл қаржы үкімет өтінімі аясында бюджет шығынын жабуға жұмсалады.

Өткен айда 1 доллар орташа бағамы 453,77 теңгені құрағанын ескерсек, бұл шамамен 413 млрд теңгені құрайды. Қордан алынған валюта алдағы уақытта ішкі нарыққа сатылады. Бірақ бас банк бұл валютаның қандай кестемен сатылатынын нақтыламаған.

«Бұл көлем нарық конъюнктурасы ескеріле отырып, Ұлттық қормен жүргізілетін операцияларды теңестіру аясында ішкі валюта нарығында сатылады. Бұл шара теңге бағамын іргелі факторларға сәйкес ұстап тұруға және алып-сатарлыққа қатысты күрт ауытқуларға жол бермеуге бағытталады», – делінген хабарламада.

Бас банк Қордан валюта сатып алғанымен, қыркүйек айында да, қазан айында да мұнай долларларын нарыққа шығармаған.

Тек алтын сатып алуды теңестіру операциялары аясында шамамен 302 млрд теңге алынды. Қараша айында осы мақсатта 302 млрд теңге баламасында шетел валютасы сатылады.

2026 жылдың маусым айынан бері қордан аударылатын трансферт қазына кірісі мен шығысын ескере отырып, республикалық бюджеттің нақты қажеттілігіне қарай бөлінеді.

Бұл механизмге сәйкес, Ұлттық қордан сатылатын трансферт көлемін Ұлттық банк валюта нарығына жыл соңына дейін бірқалыпты бөліп отыруы тиіс.

Сондай-ақ Ұлттық банк қазан айында валюталық интервенциялар жүргізбегенін хабарлады.

Зейнетақы қоры үшін  568 млн доллар сатып алынған

Қазан айында 26 трлн теңгеден асатын зейнетақы ақшасын басқаратын Ұлттық банк БЖЗҚ қаржысына 568 млн доллар сатып алған.

Бұл зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін қажет.

Сондай-ақ оқыңыз