7 млн теңгеге жуық алимент берешек болған әйелге сот шешімі шықты

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
7 млн теңгеге жуық алимент берешек болған әйелге сот шешімі шықты / Фото: freepik

Павлодарда үш баласына 7 млн теңгеге жуық алимент берешек болған әйелге сот шешімі шықты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Павлодар полицейлері кәмелетке толмаған үш баласына алимент төлеуден бірнеше жыл бойы жалтарып жүрген әйелді іздеп тапқан. Оның алимент бойынша қарызы 6 млн 936 мың теңгеге жеткен.

Аталған дерек бойынша әйелге сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданған.

Сот шешімімен әйелге 20 сағат қоғамдық жұмыс істеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ берешекті толық өтеу үшін үш ай уақыт берілді.

Егер осы мерзім ішінде әйел алимент төлеуден қайта жалтарса, оған қатысты қылмыстық жауапкершілік мәселесі қаралуы мүмкін.

Бұған дейін елорда прокурорлары алимент төлеушілерден 2 млрд теңгеден астам қаржы өндіріп алған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз