Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен осыған дейін президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ақорда ақпаратына сүйенсек, енді ол премьер-министрінің орынбасары болып, әрі Көлік министрлігін басқарады. Осыған дейін көлік министрі болған Нұрлан Сауранбаев президент жарлығымен қызметінен босатылды.

Жаңа министр Кембридж университетінде білім алған, 2020-2022 жылдары сауда вице-министрі қызметін атқарған. Ал оның алдында Ұлттық банкте, «Астана» қаржы орталығында, сонымен бірге, «Зерде» холдингінде жұмыс істеген.

2022-2025 жылдар аралығында «Қазпошта» басқарма төрағасы болған. 2025 жылы желтоқсан айында президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалған.

Forbes Woman Kazakhstan журналының 2026 жылғы елдегі ең ықпалды әйелдер тізімінде 19-орынға жайғасқан. Ол қазіргі Үкімет құрамындағы үшінші әйел министр болды. Одан бөлек, Министрлер кабинетінде денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бар.

Айта кетейік, осыған дейін Көлік министрлігін Нұрлан Сауранбаев басқарған. 2025 жылы 8 маусымда Марат Қарабаев көлік министрі лауазымынан босатылғаннан кейін 3 аптадан астам уақыт лауазымға ешкім тағайындалмай, тек 30 маусымда бұл қызметке Сауранбаев тағайындалған.

Сондай-ақ оқыңыз