Болгарияда алғаш рет әйел адам президент болды

1 қарашада Болгарияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша елдің уақытша президенті Илияна Йотова жеңіске жетті. Ол Болгария тарихында президент болып сайланған алғашқы әйел, деп жазады Kursiv.Media.
Болгарияның Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бюллетеньдер толық саналғаннан кейін, Йотова 57,6% дауыс жинаған. Ал оның қарсыласы, бұрынғы уақытша премьер-министр Андрей Гюровқа сайлаушылардың 39,5%-ы дауыс берген. Гюров жеңілгенін мойындады.
62 жастағы Йотованы премьер-министр Румен Радев бастаған «Прогрессивті Болгария» партиясы қолдаған. Саяси сарапшылардың пікірінше, оның жеңісі қазіргі билік басындағы саяси күштердің ықпалын нығайта түседі.
Йотова Ресеймен келіссөз жүргізуді және Украинадағы соғысты дипломатиялық жолмен шешуді қолдайды. Ол Киевке әскери көмек беруге қарсы және Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауды жақтайды. Сонымен бірге Йотова Болгарияның Еуропалық одақ пен НАТО құрамындағы мүшелігін сақтауды қолдайды. Сарапшылар оның жеңісінен кейін ел Еуропамен байланысын жалғастырып, Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға ұмтылады деп болжап отыр.
Оқи отырыңыз: