Иран Ормұз бұғазына егемендік беруді сұрайды

Жарияланды
Иран Ормұз бұғазына егемендік сұрап отыр/ kursiv.media архиві

Иранның қарулы күштері бас штабының бастығы, генерал-майор Әли Абдоллахи Ормұз бұғазындағы Иран егемендігін ресми түрде мойындауды аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі ретінде атады, деп жазады Kursiv.Media.

Tasnim ақпарат агенттігі хабарлағандай, Абдоллахидің мәлімдемесіне сәйкес, Иран тарапы тұрақты қауіпсіздікке қол жеткізу үшін бірқатар талап қойып отыр. Олардың қатарында Иранға қарсы санкцияларды толық алып тастау, бұғатталған активтерді босату және әскери әрекеттер салдарынан келген шығынды өтеу бар.

Сонымен қатар Иран әскери басшысы елге қарсы агрессияның қайталанбауына кепілдік беруді және Батыс Азиядағы қауіпсіздік жүйесін аймақ мемлекеттерінің өздері қалыптастыруын талап етті.

Осыған дейін Иран өзіне қарсы елдердің кемелеріне Ормұз бұғазы арқылы өтуге тыйым салмақ болған.

Сондай-ақ оқыңыз