Мелания Трамп Ақ үйде Ресей мен Украина өкілдерімен кездеседі

АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп 5 қарашада Вашингтонда Мәскеу мен Киев өкілдерінің кездесуін ұйымдастырады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Сонымен қатар, Мелания Трамп Украинаның Херсон облысындағы Олешки қаласындағы оқ атуды тоқтату келісімі бойынша мәлімдеме жасайды.
Ақ үй таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, кездесуге екі тараптан кімдердің қатысатыны әлі белгісіз. Мелания Трамптың баяндамасы Астана уақытымен 5 қараша күні сағат 21:00-ге жоспарланған.
Бұған дейін Мелания Трамптың араағайындық етуімен Олешкиде гуманитарлық көмек жеткізу және тұрғындарды эвакуациялау үшін уақытша уағдаластық жасалған болатын. Қазіргі таңда бұл қалада 2 мыңға жуық тұрғын мен 50-ге жуық бала бар.
Айта кетейік, 2 қарашада Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен Түркияда жеке кездесуге дайын екенін айтқан еді.
Осыдан бір ай бұрын Владимир Путин де келіссөздерге дайын екенін, бірақ ұсыныстарды әлі қарастырып жатқанын айтқан еді.
Ал қазанның соңында АҚШ президенті Дональд Трамп Путин мен Зеленскийдің кездесу «өте жақын арада» болатынын айтқан, бірақ нақты датасын атамаған еді.