Қазақстандық балалардың улануына байланысты Өзбекстанда қылмыстық іс қозғалды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Ташкентте уланған балалар / Ташкент / улану
Қазақстандық балалардың улануына байланысты Өзбекстанда қылмыстық іс қозғалды / Фото: әлеуметтік желіден

Ташкентте өткен «Dostlik Cup 2026» халықаралық футбол турниріне қатысушылардың бұқаралық улануынан кейін прокуратура тергеу бастады. Зардап шеккендердің арасында Қарағанды облысынан жарысқа келген жас спортшылар бар, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Өзбекстан Бас прокуратурасының мәліметінше, 1 қараша күні Ташкенттегі қонақүйлердің бірінде таңғы ас кезінде балалар мен оларға серік болып келген туыстары шала пісірілген жұмыртқа мен шұжық жеген. Көп ұзамай 13 адамда улану белгілері байқалған: құсу, іш өту, іштің ауыруы және дене қызуының көтерілуі.

Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадаларымен Республикалық мамандандырылған эпидемиология, микробиология, инфекциялық және паразиттік аурулар ғылыми-практикалық медицина орталығына жеткізілді.

Аталған факті бойынша Чиланзар аудандық прокуратурасы Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 276-бабы («Санитариялық заңнаманы немесе эпидемияға қарсы күрес қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта Чиланзар аудандық Ішкі істер басқармасы жанындағы тергеу бөлімі бастапқы тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз