Тоқаев Болгарияның алғашқы әйел президентін құттықтады 

Жарияланды
Тоқаев Болгария президенті құттықтады/ shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованы Болгария республикасының президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп жазады Kursiv.Media.

Президент құттықтау жеделхатында сайлаудағы жеңіс Илияна Йотоваға халықтың жоғары сенім білдіргенін көрсететінін атап өтті.

«Сайлаудағы жарқын жеңісіңіз – халқыңыздың сізге артқан жоғары сенімі мен еліңіздің дамуын баянды етуге бағытталған игі бастамаларыңызға көрсеткен қолдауының айқын көрінісі екені сөзсіз», – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотоваға жауапты қызметіне табыс, ал Болгария халқына амандық пен бақ-береке тіледі.

Еске салсақ, 1 қарашада Болгарияда президент сайлауының екінші кезеңі өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша елдің уақытша президенті Илияна Йотова жеңіске жетті. Ол Болгария тарихында президент болып сайланған алғашқы әйел. 

Сондай-ақ оқыңыз