Үндістанда тұтқындалған танкердегі қазақстандық елге оралуға дайындалуда

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Үндістанда тұтқындалған танкердегі қазақстандық елге оралуға дайындалуда / Фото: Shutterstock

Үндістанның Парадип порты маңында тұтқындалған «Unity» танкерінен екінші топтағы 7 теңізші шығарылды. Олардың арасында бір Қазақстан азаматы бар, деп хабарлайды Кursiv.Media.

ҚР Сыртқы істер министрлігі отандасымыздың елге оралуы дайындалып жатқанын растады. Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық теңізші кемеден босап, уақытша қонақүйге орналасады, содан кейін Үндістан аумағынан шығады. Дипломаттар оған қажетті консулдық көмек көрсетуді жалғастыруда.

Алғашқы топтағы 7 теңізші өз елдеріне оралып үлгерді. Ал екінші топқа 6 ресейлік пен 1 қазақстандық кірді. Кемеде қалған тағы 9 экипаж мүшесі (8 ресейлік және 1 мысырлық) өздерін алмастыратын жаңа топты күтуде.

Айта кетейік, Қазақстан азаматы Үндістанның Парадип портында ұсталған MT UNITY мұнай танкерінің экипаж құрамында болған еді.

Сондай-ақ оқыңыз