Алматыдағы «Твардовский дом» панажайының иесін өлтірді деген күдікті ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Твардовский дом, приют, панажай
«Твардовский дом» панажайы / фото: видеодан скрин

Алматы облысында қаңғыбас жануарларға арналған Dog House («Твардовский дом») панасының иесін өлтірді деген күдікті ұсталды. Ол қамауға алынды, деп жазады Kursiv.Media.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жедел-іздестіру шаралары барысында анықталып, қолға түскен.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол қамауда. Тергеу аясында ұсталған адамның кісі өлтіру қылмысына қатысы бар-жоғы тексеріліп, қылмыстық істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтау үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция тергеу құпиясына байланысты күдіктінің жеке басы мен оны ұстауға қатысты өзге де мәліметтерді жарияламады. Дегенмен істі полиция департаменті басшылығы ерекше бақылауға алғанын атап өтті.

9 қазанда Алматы облысында «Dog House – Твардовский дом» жануарларға арналған жеке панажайының негізін қалаушы Владимир Тепляковты өлтіріп кеткенін жазған едік.

Марқұм Тепляков 2015 жылы «Dog House – Твардовский дом» панаханасын ашқан. Бұл орынды қайтыс болған ұлының құрметіне атаған. Бірақ панажай иесі қайтыс болғаннан кейін 90-ға жуық ит қараусыз қалды.

Сондай-ақ оқыңыз