Астанада парашют жеткізуші кәсіпкер алаяқтық үшін 6 жылға сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Астанада парашют жеткізуші кәсіпкер алаяқтық үшін 6 жылға сотталды / Фото: Shutterstock

Астанада парашют жабдықтарын жеткізу кезінде ірі көлемде алаяқтық жасаған компания басшысы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Астана сотының мәліметінше, ЖШС басшысы «Қазспецэкспорт» РМК-мен 874 млн теңгеге келісімшарт жасасқан. Ол аванс алу үшін сақтандыру шартын рәсімдеп, бюджеттен 646 млн теңге алған. Алайда тауарды белгіленген мерзімде жеткізбей, қаражатты өз қажетіне жұмсап жіберген.

Нәтижесінде сақтандыру компаниясы «Қазспецэкспортқа» 646 млн теңгені төлеп беріп, өзі де шығынға ұшыраған. Сотта кәсіпкер өз кінәсін мойындаған жоқ.

Сотталушы аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін айыпты деп танылып, 6 жыл 8 айға сотталды. Сот жаза тағайындау кезінде оның екі кішкентай баласы барын ескерді. Келтірілген шығын әлі өтелмеген.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз