Баянауылда тікұшаққа оқ тиді: «Қазавиаорманқорғау» оқиғаға қатысты пікір білдірді

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Баянауылда тікұшаққа оқ тиді: «Қазавиаорманқорғау» оқиғаға қатысты пікір білдірді / Фото: ТЖМ, бильд-редактор: Дастан Шанай

Павлодар облысында орманды қорғауға арналған тікұшаққа қалай зақым келгені тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бұған дейін Telegram-арналарда Баянауыл ұлттық паркі аумағында әуе кемесіне оқ тигені туралы ақпарат тараған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқ тікұшақтың артқы бөлігіндегі вертикальды тұрақтандырғышқа тиіп, оны тесіп өткен. Оқтың кім және қандай жағдайда атқаны әлі белгісіз.

Ал «Қазавиаорманқорғау» мекемесі орман күзетіне пайдаланылатын тікұшақтың зақымданғанын растады. Дегенмен кәсіпорын өкілдері оқиғаның 1 қараша күні Баянауыл авиациялық бөлімшесі аумағында болғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша материалдар құқық қорғау органдарының қарауында. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген мәлімдемеде.

Дегенмен «Қазавиаорманқорғау» зақымданудың нақты себебі мен сипатын ашып айтқан жоқ.

Айта кетейік, шілде айында «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында тұтанған орман өрті тікұшақ көмегімен дер кезінде ауыздықталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз