Екінші рет мас күйде ұсталған жүргізуші өмір бойы көлік жүргізе алмайтын болды

Ақмола облысында екінші рет мас күйде ұсталған жүргізуші сотталып, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Kursiv.media.
Облыстық прокуратура мәліметінше, бұған дейін ол 2031 жылға дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған. Сонда да Біржан сал ауданының тұрғыны қайтадан алкогольдік масаң күйде автокөлік тізгіндеген.
Сот талқылауы барысында аудан прокуратурасы мемлекеттік айыптауды қолдап, сотталушының кінәсін дәлелдеді.
Сот ер адамды көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарғаны үшін кінәлі деп таныды.
«Жасалған қылмыс үшін оған 10 айға бас бостандығынан айыру және өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген ақпаратта.
Ал Қостанайда мас күйде көлік жүргізген ер адам 1 жарым жылға сотталған болатын.