Фармацевтикалық компаниялардың иелері мен қызметкерлері ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
polisia.kz

Ішкі істер министрлігі күшті әсер ететін препараттардың заңсыз айналымымен айналысқан топтардың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Kursiv.media.

Polisia.kz хабарлауынша, қазан айында еліміздің бірнеше өңірінде аталған препараттарды жеткізу арналары анықталып, оларды заңсыз өткізу схемаларының жолы кесілген.

«Көкшетау, Щучинск қалалары мен «Бурабай» курорттық аймағында препараттарды жеткізу мен таратуды жолға қойған қылмыстық топ мүшелерін бір мезгілде ұстау операциясы жүргізілді. Барлығы 11 адам ұсталды. Олардың қатарында фармацевтикалық компаниялардың иелері мен қызметкерлері, курьерлер және өзге де тұлғалар бар», – делінген хабарламарда.

Тінту іс-шаралары барысында «Тропикамед» препаратының 50 мыңнан астам құтысы және осыған ұқсас басқа да препараттардың шамамен 4 мың бірлігі тәркіленді. Сонымен қатар атыс қаруы, оқ-дәрілер, бірнеше автокөлік және ірі көлемдегі ақша қаражаты, оның ішінде шетел валютасы анықталып, тәркіленді.

Осыған ұқсас іс-шаралар Қарағанды және Теміртау қалаларында да жүргізілді. Нәтижесінде жергілікті қылмыстық орта өкілдері кірген 10 адамнан тұратын топ ұсталды.

Айта кететін жайт, Астанада есірткі қосылған печенье сатқан интернет-дүкеннің қызметкерлері ұсталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз