Рудныйда адам өлтіргендер туралы хабар бермеген жасөспірім сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Рудныйда адам өлтіргендер туралы хабар бермеген жасөспірім сотталды / Фото: Shutterstock

Қостанай облысында Рудный қаласының тұрғындарына қатысты кісі өлімі ісі бойынша үкім шықты. Істі алқабилердің қатысуымен өткен сот қарады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қылмыс 23 қаңтарға қараған түні Корчагин көшесіндегі көпқабатты үйдің кіреберісінде болған. Күдікті 200 мың теңге үшін жәбірленушіге бірнеше рет пышақ соққысын жасап, өлтірген. Ал кәмелетке толмаған жасөспірім қылмыс кезінде бір қабат төмен тұрып, бұл туралы құқық қорғау органдарына хабар бермеген. Қылмыстан кейін екеуі Көкшетауға қашып кеткен.

Алқабилердің үкімімен негізгі айыпталушы қасақана кісі өлтіргені үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қылмыс туралы хабар бермеген жасөспірім 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылып, жазасын кәмелетке толмағандарға арналған орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Павлодарда пробация қызметінің экс-инспекторына 12 млн теңге айыппұл салынған еді.

Сондай-ақ оқыңыз