Жол апатынан зардап шеккен полиция қызметкері ауруханада көз жұмды

1 қарашада Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 226-шақырымында Нива және Ауди маркалы көліктер соқтығысқан. Бүгін ауруханада жол апатынан жарақат алған 35 жастағы полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Жол апаты салдарынан «Нива» көлігінің үш жолаушысы мен «Ауди» көлігінің екі жолаушысы түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді.

3 қарашада Астана – Петропавл тасжолында қызметтік көлік пен JAC автокөлігі соқтығысып, ауыр жарақат алған полиция капитаны Данияр Таев көз жұмды. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Аталған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. JAC көлігінің жүргізушісі ұсталды.
Осыған дейін Астана-Петропавл тас жолындағы жол апатында полицей зардап шеккенін жазған едік.