2027 жылы елде электр энергиясы 12%-ға дейін қымбаттауы мүмкін

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
2027 жылы елде электр энергиясы 12%-ға дейін қымбаттауы мүмкін
Электр энергиясының бағасы / фото: ЖИ көмегімен жасалды

2027 жылы елде электр энергиясының тарифі 10–12% төңірегінде көтерілуі мүмкін. Мұндай пікірді «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Жақып Хайрушев LS басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды  Kursiv.Media.

Сарапшының сөзінше, 2026 жылдың күзінде энергия өндіруші ұйымдар шекті тарифтерді қайта қарап үлгерген.

«2026 жылдың соңына дейін қосымша тариф өсімі болмайды деп ойлаймын. Ал 2027 жылға келсек, бәрі генерациямыздың алдағы жылыту маусымынан қалай өтетініне, электр станцияларының қыстан кейінгі техникалық жағдайына және оларды қалпына келтіру мен келесі маусымға дайындауға қанша қосымша шығын қажет болатынына байланысты», – деп атап өтті Хайрушев.

Оның бағалауынша, келесі жылы тарифтер «инфляция плюс» принципі бойынша түзетілуі мүмкін. Өсімнің алдын ала болжамы 10–12%. маңайында болады. Бірақ бұл әлі бекітілген көрсеткіш емес.

«Бұл бекітілген параметр емес, алдын ала жасалған бағалау. Энергия өндіруші ұйымдар тарифтерді қайта қарауға өтінімдерді көктемде, жылыту маусымының нәтижелері белгілі болып, қажетті жөндеу жұмыстарының көлемі нақтыланған кезде бере бастайды деп ойлаймын. Ал бағаның көтерілуі, бұрынғыдай, күзде орын алуы ықтимал», – деп түсіндірді сарапшы.

Жақып Хайрушев энергетикалық кәсіпорындардың неліктен тарифтерді қайта қарауға мәжбүр екенін де айтып берді. Оның айтуынша, жабдықтар, қосалқы бөлшектер, материалдар, жөндеу жұмыстары мен логистика қымбаттап, қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын шығындар артып келеді.

«Энергетика саласының өзі де инфляциялық процестердің ықпалында отыр. Жабдықтар, қосалқы бөлшектер, материалдар, жөндеу жұмыстары, логистика қымбаттап жатыр, еңбекақы төлеу шығындары өсуде. Осы шығындардың барлығы біртіндеп жинақталады да, ұзақ уақыт бойы ұсталып тұрған тарифтер оларға жетуге мәжбүр болады», – деді ол.

Сонымен қатар, сарапшы электр станциялары көбіне жөндеу жұмыстарын қарыз қаражаты есебінен жүргізетінін немесе мердігерлер мен жеткізушілерге төлемді кейінге қалдыратынын қосты. Кейіннен бұл шығындар тарифтерді кезекті қайта қарау кезінде ескеріледі.

Хайрушев электр энергиясы мен жылу құнының артуын инфляцияның басты себебі деп санауға болмайтынын да жеткізді.

Бұған дейін Kursiv.Media елдені ең қымбат электр энергиясы Қостанайда мен Алматыда тіркелгенін жазған еді.

Сондай-ақ оқыңыз