Астанада жалдамалы пәтерде аяқ киім қорабына жасырылған мефедрон табылды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Астанада жалдамалы пәтерден аяқ киім қорабына жасырылған мефедрон табылды / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Астана полицейлері тінту барысында 1 килограмға жуық мефедрон мен 300-ден астам ораманы тәркіледі. Есірткі сақтады және таратты деген күдікпен пәтерді жалға алып тұрған 19 жастағы бойжеткен ұсталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Күдікті үйдің кіреберісінде ұсталғаннан кейін тәртіп сақшылары пәтерді тінтуге кіріскен. Асүй шкафынан ақ ұнтақ салынған пластик контейнер, ал бөлмедегі аяқ киім қорабынан дәл сондай заты бар тағы бір ыдыс табылған. Сондай-ақ пәтерден есірткіні бөлшектеп орауға арналған құралдар тәркіленді. Сараптама тәркіленген ұнтақтың мефедрон екенін растады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, бойжеткен есірткі заттарын сақтап, кейіннен таратуға беріп отыратын «қойма» болған», – деп хабарлады полиция департаменті.

Полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті уақытша изорляторға қамалды. Тергеушілер қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтап жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда полицейлер есірткіні печенье ішіне жасырған жас жігітті ұстаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз