Қайта жөндеуден өткен «Ақтөбе – Қандыағаш» автожолы ақылы болады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Жөндеуден өткен «Ақтөбе – Қандыағаш» автожолы ақылы болады
Жөндеуден өткен «Ақтөбе – Қандыағаш» автожолы ақылы болады / фото: shutterstock

Көлік министрлігі ақылы автомобиль жолдарының желісін кеңейтіп жатыр. Осыған байланысты қайта жаңғыртылған «Ақтөбе – Қандыағаш» автожолының 11-шақырымынан 100-шақырымына дейінгі бөлігі ақылы жолдардың қатарына енгізіледі, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жол жүру ақысы учаскелерге қарай әртүрлі болады. Атап айтқанда, 11-шақырымнан 87-шақырымға дейінгі аралықта барлық көлік түрі, соның ішінде жеңіл автомобильдер үшін де ақы алынады. Ал 87-шақырымнан 100-шақырымға дейінгі учаскеде және «Қандыағаш – Мақат» жолының қалған бөлігінде ақы тек автобустар мен жүк автомобильдерінен алынады.

Жол жүру құны жүріп өткен қашықтыққа, көлік құралының санатына, жүк көтергіштігіне және төлем тәсіліне байланысты белгіленеді.

Іргелес аудандардың тұрғындарына жеңілдікпен абонементтер қарастырылған. Жергілікті тұрғындардың жеңіл автомобильдеріне арналған жылдық абонемент құны 1 АЕК болады. Ал жергілікті автобустар мен жүк автомобильдері үшін көлік санатына қарай айлық абонемент құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін, жылдық абонемент 12-ден 60 АЕК-ке дейін белгіленеді.

Жиналған қаражаттың барлығы жол инфрақұрылымын күтіп ұстауға және жөндеуге, сондай-ақ арнайы техника сатып алуға жұмсалады.

Осыған байланысты Көлік министрінің бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілді. Олар алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» 2026 жылдың алғашқы алты айына сараптама жасап, республикалық маңызы бар ақылы трассалардағы ең сұранысқа ие бағыттарды анықтаған еді.

Жол ағыны бойынша  көшбасшысы – Алматы – Қонаев учаскесі. Жеті айда бұл жолмен 7,1 млн-нан астам автокөлік қатынаған

Сондай-ақ оқыңыз