Әлемді үш рет бағындырған Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында жеңіліп қалды

Жарияланды 6 Қараша 2026 15:39

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Назым Кызайбай уступила китаянке Чжао Сюань раздельным решением судей 1:4 в 1/8 финала Азиады-2026 и завершила выступление.
Назым Қызайбай Қазақстанда чемпионатында күміс жүлде алды/ kursiv.media архиві

Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз анықталды. Алтын медальді Шымкент қаласының өкілі Элина Базарова иеленді, деп жазады Kursiv.Media.

Финалдық жекпе-жекте ол Алматы атынан сынға түскен, әлемнің үш дүркін чемпионы Назым Қызайбаймен кездесті. Төрешілердің екіге бөлінген шешімімен Базарова 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қызайбай ел біріншілігін күміс медальмен аяқтады.

Назым Қызайбайдың үш мәрте чемпиондықтан бөлек, 2024 жылғы Азия чемпионатының алтыны және Қазақстан біріншіліктеріндегі бірнеше жеңісі бар.

Чемпионатта алтын медальді Гүлназ Борибаева (48 келі), Нұрзат Оңғаров (50 келі), Элина Базарова (54 келі), Әділбек Қожахан (60 келі), Виктория Графеева (60 келі), Фарух Тоқтасынов (70 келі), Бақыт Сейдыш (70 келі), Санжар-Әли Бегалиев (80 келі), Надежда Рябец (80 келі) және Дәулет Төлемісов (90 келі) жеңіп алды.

Күміс жүлдегерлер қатарында Айгерім Сәттібаева (48 келі), Диас Берікбай (50 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Бибарыс Жексен (60 келі), Анар Тұрсынбек (60 келі), Елнұр Сүйінбай (70 келі), Аружан Жанабаева (70 келі), Өнер Сейілхан (80 келі), Айдана Убайдуллақызы (80 келі) және Сағындық Тоғамбай (90 келі) бар.

Айта кетейік, Элина Базарова бұған дейін ұлттық құрама сапына шақырылған. Ол 2026 жылы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатында 1/8 финал кезеңінде жарыстан шығып қалған.

Сондай-ақ оқыңыз