Бұрынғы жігіті қорқытқан: Алматыда сталкинг бойынша іс тергелуде

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Бұрынғы жігіті қорқытқан: Алматыда сталкинг бойынша іс тергелуде / Фото: Unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай

Алматы тұрғыны өзін бұрынғы жігітінің жасырын нөмірден хабарласып, дене жарақатын саламын деп қорқытқаны туралы айтып, полицияға шағымданды. Қалалық полиция 6 қарашада ер адамды сталкинг жасады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.

Қыз бұрынғы жігітіне қарым-қатынастарын тоқтатуды бірнеше рет ұсынған. Соған қарамастан, ол хабарлама жазуды, кездесуді талап етуді тоқтатпаған, сондай-ақ, бойжеткеннің үйі мен жұмыс орнына барып жүрген.

Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады.

Департаменттің мәліметінше, тергеу барысында екеуінің арасындағы байланыстың скриншоты тәркіленіп, іс материалына қосылған. Күдікті оны аңдып, мазасын алғанын (сталкинг) толықтай мойындады.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада мас күйде бейтаныс әйелді қоғамдық көліктен жұмыс орнына дейін аңдып, одан телефон нөмірін талап еткен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған еді.

Сондай-ақ оқыңыз