Маңғыстауда автобус мұнайшыны қағып кетті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Маңғыстауда автобус мұнайшыны қағып кетті / Фото: қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында Ақтау-Қаламқас тасжолында автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қайғылы оқиға 6 қарашада Ақтау-Қаламқас автожолының 170-171 шақырымында, аялдама маңында болған. Daewoo маркалы автобусының жүргізушісі жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қаққан.

Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Lada.kz басылымының мәліметінше, марқұм – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкері.

Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Автобус арнайы айып тұрағына қойылды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығы қаза тапқан қызметкердің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

Айта кетейік, осыған дейін Астана-Петропавл тас жолындағы жол апатында полицей қайтыс болған еді.

Сондай-ақ оқыңыз