Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде әзірге 5-орында келеді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2026 жылғы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Шэньчжэньде (Қытай) өтіп жатқан ISU Гран-приінің үшінші кезеңінде (Cup of China) қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша бесінші орын алды. Ол 94,87 балл жинады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Көшбасшылар мен нәтижелер:
- Као Миура (Жапония) — 102,90 балл
- Шун Сато (Жапония) — 101,97 балл
- Евгений Семененко (бейтарап тулы ресейлік) — 99,72 балл
- Владислав Дикиджи (бейтарап тулы ресейлік) — 98,86 балл
- Михаил Шайдоров (Қазақстан) — 94,87 балл
Шайдоров үздік үштікке ену үшін 4,85 баллға артта келеді. Ерлер арасындағы еркін бағдарлама 8 қарашада өтеді.
Бұл Шайдоров үшін биылғы Гран-при сериясындағы екінші жарыс. Анжедегі (Франция) алғашқы кезеңде ол қысқа бағдарламадан кейін 4-орында (80,25 балл) тұрғанымен, еркін бағдарламада қателіктер жіберіп (126,30 балл), жалпы 206,55 баллмен жарысты 10-орында аяқтаған еді. Франциядағы кезеңде Адам Сяо Хим Фа (284,24) жеңіске жеткен болатын.
Мәнерлеп сырғанаудан ISU Гран-приінің үшінші кезеңі Шэньчжэньде 6-8 қараша аралығында өтуде. Маусымда жалпы алты кезең жоспарланған. Ал финалдық жарыс 10-13 желтоқсанда Чунцинде (Қытай) өтеді.