Оңтүстікте +27 градус, солтүстікте көктайғақ: демалыста ауа райы қандай болады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Демалыс күндері ауа райы қандай болады / фото: unsplash

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес 7, 8 және 9 қарашада елде тұрақсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Алдағы күндері Қазақстан аумағында бірнеше циклонның өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кезеңнің басында солтүстік өңірлер арқылы солтүстік циклонның жырасы өтсе, 8 қарашадан бастап еліміздің аумағы арқылы оңтүстік циклон жылжиды», – делінген хабарламада.

Қазақстанның басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады. 8 қарашада батыс өңірлерде қатты жаңбыр, 9 қарашада солтүстік-батыс пен батыста қатты жауын-шашын, еліміздің оңтүстігінде күндіз қатты жаңбыр болжанады.

Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі. Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі.

Ауа температурасы

Батыста: түнде −3…+5 °C-тан −8…+3 °C-қа дейін, күндіз +5…+15 °C-тан +2…+10 °C-қа дейін төмендейді.

Солтүстік-батыста: түнде ауа температурасы −1…−8 °C-тан −6…+3 °C-қа дейін сәл жоғарылайды, күндіз +2…+10 °C-тан −3…+5 °C-қа дейін төмендейді.

Шығыста: түнде −9…+2 °C-тан −5…+8 °C-қа дейін, күндіз +2…+12 °C-тан +9…+17 °C-қа дейін жоғарылайды.

Оңтүстікте: түнде −2…+6 °C-тан +7…+17 °C-қа дейін жоғарылайды, күндіз +10…+23 °C пен +18…+27 °C аралығында құбылады.

Оңтүстік-шығыста: түнде ауа температурасы +0…+10 °C-тан +7…+15 °C-қа дейін жоғарылайды, таулы аудандарда −3…−8 °C-тан 0…+5 °C-қа дейін көтеріледі. Күндіз +15…+25 °C-тан +17…+25 °C-қа дейін, таулы аудандарда +10…+15 °C шамасында болады.

Еліміздің қалған өңірлерінде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.

Сондай-ақ оқыңыз