Toyota Tundra моделінің жаңартылған нұсқасы қыста таныстырылмақ

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
global.toyota

Toyota компаниясы осы қыста Tundra пикабының жаңартылған функциялары бар нұсқасын нарыққа шығаруды жоспарлап отыр, деп жазады Kursiv.Media.

Toyota мәліметінше, АҚШ-та таныстырылған жаңартылған Toyota Tundra моделі Жапонияда да сатылымға шығады. Компанияның жоспарына сәйкес, көлік осы қыста елдегі Toyota дилерлік орталықтарында қолжетімді болады.

Қауіпсіздік жүйелері жетілдірілді

Жаңартылған Tundra соңғы буындағы Toyota Safety Sense қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған.

Оның ішінде жүргізушіге көмек көрсететін PDA (Proactive Driving Assist) жүйесі және көліктің қалыптан тыс қозғалысына немесе жағдайларға әрекет етуге арналған жаңа функциялар бар.

Техникалық сипаттамасы

Toyota Tundra – жапондық Toyota компаниясының толық өлшемді пикабы. Ол қуаттылығымен, жүк және тіркеме тасымалдау мүмкіндігімен ерекшеленеді. Шанағы – толық өлшемді пикап.

Нұсқасына байланысты артқы немесе толық жетек түрлері бар. Қозғалтқышы бензинді –3,4 литрлік V6 Twin-Turbo. Гибридті нұсқасында i-FORCE MAX, 3,4 литрлік V6 Twin-Turbo күштік қондырғысы орналастырылған.

10 сатылы автомат

Беріліс қорабы – 10 сатылы автомат. Toyota Safety Sense жүргізушіге көмек көрсету жүйелерінің кешені қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Tundra-ның нақты техникалық көрсеткіштері мен жабдықталуы шығарылған жылына және комплектациясына қарай ерекшеленеді.

Айта кететін жайт, Toyota үш моделін жаңартты, енді Land Cruiser FJ, RAV4, Crown Estate жаңа нұсқада шықты

Сондай-ақ оқыңыз