Үндістанда жүріп бара жатқан жүйрік пойыз өртенді

Үндістанда Амритсардан Нью-Джалпайгуриге бағыт алған жүйрік жолаушылар пойызының төрт вагоны жүріп бара жатқан жерінде өртенді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Times Now телеарнасы хабарлауынша, кенеттен шыққан өрт жолаушылар арасында дүрбелең туғызған. Адамдар түтін мен жалынға оранған вагондардан қозғалыс кезінде секіруге мәжбүр болған.
Елдегі солтүстік теміржолдың баспасөз хатшысы Химаншу Шекхар Упадхьяйдың айтуынша, қауіпсіздік жүйесінің уақытылы іске қосылуы арқасында пойыз тоқтатылған.
Оқиға орнына жауапты органдар өкілдері келді. Қазірге зардап шеккендер, қаза тапқандар немесе келтірілген шығын туралы ресми ақпарат жоқ.
Айта кетейік, осыған дейін 3 қараша күні таңертең Эверест ауданында екі тікұшақ соқтығысып, Үндістан азаматы қаза тапқан еді. Тағы үш адам, соның ішінде екі ұшқыш түрлі жарақат алған.