Үшжақты кездесу алдында Трамп Ақ үйде Ресей өкілін қабылдады

Трамп Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриевті қабылдады деп жазады AP. Кездесу 5 қарашада Ақ үйде өткен.
Агенттік жазуынша, Трамп әңгемінің не туралы өрбігенін айтудан бас тартқан. Бірақ Украинадағы шиеленісті реттеуге қатысты маңызды мәлімдеме жасады.
«Келісім болады. Өте ірі келісім жасалады, ол тек Украинаға ғана қатысты емес. Тіпті бүкіл Еуропаға әсерін тигізеді», – деді Трамп тілшілерге.
Қызығы, АР агенттігінің жазуынша, АҚШ президенті Ақ үйде болған Украинаның ресми өкілдерімен кездеспеген.
Кремльдің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев АҚШ-та бірінші ханым Мелания Трамптың шақыруымен жүр. Ол сондай-ақ Украина Жоғарғы Радасындағы «Халық қызметшісі» фракциясының жетекшісі Давид Арахамиямен бірге Алешкидегі гуманитарлық операцияға арналған кездесуде сөз сөйледі.
Оған дейін Украинаның Алешки қаласында гуманитарлық миссия жүргізу үшін уақытша бітіп жариялағанын жазған едік. Атысты тоқтату режимі 27 қазанда енгізіліп, шамамен алты тәулікке созылды.
Айта кетейік, АҚШ, Ресей және Украина 10-11 қарашада Абу-Дабиде үшжақты келіссөз өткізеді. Абу-Дабидегі кездесуге дейін АҚШ өкілдері Брюссельде Франция, Германия, Ұлыбритания, Еуропалық одақ және НАТО өкілдерімен кездеседі.