Жаслан Мәдиев тағы бір ресейлікке Қазақстан паспортын табыстады

Отандық Higgsfield стартабының негізін қалаушысының бірі Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы ЖИ министрі Жаслан Мәдиев жеке парақшасында жариялады, деп жазады Kursiv.Media.
«Қазақ еліне +1 миллиардер! Higgsfield компаниясының тең құрылтайшысы Алекс Машрабовқа Қазақстан азаматының төлқұжатын қуана табыстадым. Биылғы 30 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Осы маңызды оқиғамен құттықтаймын», – деп жазды ол.
Министр Алекс Машрабовтың жетістігі жастарға үлгі болатынын атап өтті. Оның пікірінше, бұл Қазақстанда еңбек ете отырып, әлемдік деңгейдегі технологиялар жасауға және халықаралық нарықта бәсекеге түсуге болатынын көрсетеді.
Мәдиев Алекс Машрабовқа Қазақстан азаматтығын таңдағаны үшін алғыс айтып, елдің технологиялық әлеуетін дамыту жолында бірлескен жобалар жүзеге асатынына сенім білдірді.
Алекс Машрабов – тұңғыш отандық unicorn Higgsfield AI стартабының негізін қалаушының бірі. Оған дейін Машрабов Snap Inc компаниясындағы ЖИ-ды генерациялау бөлімінің жетекшісі болған. Ол Ерзат Дулат екеуі танысып, видео генерациялайтын платформаны құрастырады. Жыл басында компания иесі Ерзат Дулатты Ақордаға шақырып, Тоқаев кездескен.
Жақында стартапқа әлемдегі ең қымбат компанияның бірі NVIDIA инвестиция салатынын жариялады.