ҚазҰУ бірінші курс студентінің қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жарияланды

ҚазҰУ-да оқитын бірінші курс студентінің қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Kursiv.Media-ға Алматы қаласы полиция департаменті хабарлады.
«Қазіргі кезде істің мән-жайы анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық-атқарушылық кодекстің 201 бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеуге қатысты басқа ақпарат жарияланбайды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін бірқатар БАҚ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттер қалашығында студенттің қайтыс болғанын хабарлаған.
Ulysmedia.kz дерегі бойынша, қайғылы оқиға 6 қарашада кешке болған. Қаза тапқан бойжеткен Шымкенттен Алматыға оқуға келген.
2025 жылы ҚазҰУ-дың тағы бір студенті ректорат ғимаратының 14-қабатынан құлап, қайтыс болған.