Құтқарушылар өрт шыққан үйден 7 газ баллонын алып шықты
Жарияланды
(жаңартылды )

Алматыда құтқарушылар өрт шыққан ғимараттан 7 газ баллонын алып шықты. Түнде Түрксіб ауданында бір қабатты асхана өртенген.
«112» қызметіне түскен хабар бойынша, өрт Рихард Зорге көшесінде болды.
ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жетті. Ғимараттың шатыры мен бірінші қабаты жанып жатқан.
Құтқарушылар ғимарат ішінен 7 газ баллонын сыртқа шығарды. 5 баллонның көлемі 50 литрден болды. 2 баллонның көлемі 20 литрден болды. Осылайша олар қауіптің алдын алды.
Өрт толық сөндіріліп, ешкім зардап шеккен жоқ Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Астанадағы демалыс орнында өрт шыққан болатын.