Сатылымы төмен: Tesla 2027 жылы Cybertruck шығаруды доғарады

Жарияланды (жаңартылды )
Cybercab / Фото: shutterstock.

Tesla компаниясы 2027 жылдың ортасына қарай Техастағы зауытында Cybertruck электр пикабын шығаруды тоқтатуды жоспарлап отыр. Reuters агенттігінің хабарлауынша, компания Cybercab өндірісін арттыру үшін зауыт қуатын босатады.

Маск пикапты «Tesla жасап шығарған ең үздік көлік» деп атады, ал өндірістің тоқтауын «бір дәуірдің аяқталуы» деп бағалады.

Сатылым төмен болды

Tesla Cybertruck көлігін сатып алушыларға 2023 жылдың соңында жеткізе бастады. Ол кезде Маск жыл сайын 250 мың автокөлік сатылады деп үміттенген еді.

Дегенмен, Kelley Blue Book мәліметінше, 2025 жылы АҚШ-та 20 237 пикап сатылды. Бұл көрсеткіш 38 965 көлік сатылған 2024 жылмен салыстырғанда 48%-ға аз.

«Компания қойған мақсаттарына жетпесе, жұмысты жалғарыстырудың мәні жоқ. Өз ақылы бар кез келген автомобиль сарапшысы осылай дер еді», — деп мәлімдеді Aston Martin компаниясының бұрынғы бас директоры Энди Палмер.

Пикап 2019 жылы таныстырылған. Оның тат қонбайтын болаттан жасалған үлкен шанағы бірден дау тудырды. Ал таныстырылым барысында әйнектердің беріктігін тексеру кезінде металл шар тиіп, екі әйнекте де жарық пайда болды.

2023 жылы жеткізілім басталғанда Маск Cybertruck-ты Ford мен General Motors пикаптарына футуристік балама ретінде ұсынған болатын.

Жыл басында Tesla сұранысты арттыру үшін Cybertruck көлігін айтарлықтай арзандатқан.

Сондай-ақ оқыңыз