Елдің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Елдің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Елдің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды / Фото: shutterstock

8 қарашада елдің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды. Тұрғындарға далаға шығарда ауа райы факторын ескеру ұсынылады, деп хабарлайды Kursiv.Media «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

2026 жылдың 8 қарашасында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар Павлодар, Алматы, Талдықорған қалаларында, сондай-ақ түнде Ақтөбе, Астана және Көкшетау қалаларында болады.

Қолайсыз метеожағдайлар жел екіпіні бәсеңдеп, тұман және температуралық инверсия сияқты факторлардың бірігуінен туындайды. Олар атмосферадағы зиянды қоспалардың жерге жақын қабатта шоғырланып, таралмай қалуына әсер етеді.

Синоптиктердің ескертуінше, ҚМЖ кезеңінде ластанған ауаның адам денсаулығына кері әсер ету қаупі артады. Әсіресе созылмалы аурулары бар адамдарға сақ болған жөн.

Қандай сақтық шараларын сақтау қажет

Қолайсыз метеожағдай кезінде тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуға, әсіресе, автокөлік жолдары мен ластанған аймақтарға жақын болмауға кеңес беріледі. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ уақыт серуендеуден бас тарту ұсынылады.

Тыныс алу жүйесі, жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға және аллергиясы бар азаматтарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады. Сондай-ақ ашық ауада ауыр дене жаттығуларын шектеп, мүмкін болса, оларды жабық ғимарат ішінде орындаған дұрыс.

Сондай-ақ оқыңыз