Францияда қымбатшылыққа қарсы жаңа наразылық акциялары өтіп жатыр

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Францияда жаңа наразылық акциялары өтті
Францияда жаңа наразылық акциялары өтті / фото: unsplash

Францияда қымбатшылық пен мен үкімет саясатына қарсы басталған наразылық шаралары төртінші демалыс қатарынан жалғасып жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media DW агенттігіне сілтеме жасап.

Ереуілдің жаңа толқыны қайтадан полициямен қақтығысқа ұласты. Наразылық білдірушілер тәртіп сақшыларына пиротехника мен әртүрлі заттар лақтырды, ал құқық қорғау органдары көзді жас ағызатын газ қолданған.

Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 7 қарашада өткен наразылық акцияларына 146 мың адам шыққан, ал кәсіподақтар шеруге қатысушылардың санын 250 мың деп есептеді.

Париждегі қақтығыстар

Парижде шерушілер Республика алаңынан Ұлт алаңына дейін жаяу жүріп өтті. Шеру соңында қақтығыс шығып, кейбір адамдар полицияға жарылғыш заттар лақтырды. Бұған жауап ретінде полиция көзден жас ағызатын газ қолданды.

Ел бойынша тәртіпті сақтауға 70 мыңға жуық полиция қызметкері тартылды. Билік 17 қазандағы наразылық кезінде белең алған тәртіпсіздіктердің қайталануына жол бермеуге тырысты.

Наразылық акциялары премьер-министр Себастьен Лекорню дүйсенбі, 9 қарашада кәсіподақтармен және жұмыс берушілермен өткізуді жоспарлап отырған «әлеуметтік конференциясының» қарсаңында өтті. Кезесуде жоғары инфляция мен бюджеттік шектеулер аясында жалақы мен халықтың сатып алу қабілетін талқылау көзделіп отыр.

Сонымен қатар, білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіподақтары мен студенттік ұйымдар 10 қарашаға жаңа жалпыұлттық ереуіл жариялады. Олар білім беру жүйесін қаржыландыруды арттыруды талап етуде. Наразылық білдірушілердің саны алдыңғы апталармен салыстырғанда азайғанына қарамастан, ұйымдастырушылар билікке қысым көрсетуді жалғастыруға ниетті.

Айта кетейік, Франциядағы наразылық акциялары 17 қазаннан бастап жалғасып келеді. Ол кезде билік өкілдерінің мәліметінше, көшеге 550 мың адам шыққан, оның 1200-і тәртіп бұзғаны үшін ұсталған. Мектептегі білім сапасын арттыру талабынан басталған ереуіл тұрмыс құнының қымбаттауына байланысты мәселелерге ұласқан.

Сондай-ақ оқыңыз