Польшада Краков қаласындағы атыстан кейін аза тұту жарияланды

Польшаның Краков қаласында белгісіз біреу қарудан оқ атып, салдарынан 6 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды. Елдің премьер-министрі оқиғаны теракт деп атады, ал елде жалпыұлттық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Краковтағы атысқа байланысты Польша президенті елде аза тұту жариялайтынын хабарлады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы мәлімдеді.
РБК ақпарат агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Краковта болған атысқа байланысты 8 және 9 қараша күндері аза тұту болып белгіленді.
«Краковтағы қайғылы оқиғаларға байланысты Польша Республикасының президенті Кароль Навроцкий 8 және 9 қарашада өтетін жалпыұлттық аза тұтуды жариялау бойынша жұмыстарды бастады», – деп хабарлады Польша президентінің баспасөз хатшысы Рафал Леськевич.
Anadolu агенттігінің мәліметінше, Краков басшысы Лукаш Гибала қалада 11 қарашаға дейін аза тұту жариялау туралы үкімге қол қойды.
Соңғы деректер бойынша, оқиға салдарынан алты адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алған.
DW хабарлағандай, елдің премьер-министрі Дональд Туск аталған жағдайды теракт деп бағалады. Жарақат алғандардың арасында Германия, Ресей, Австрия, Португалия және Ұлыбритания азаматтары бар.
Қылмыскердің өзі ұстау кезінде жараланып, кейін ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Күдіктінің көлігінен қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды.