Астанада тұрғын үйдегі суицидке қатысты полиция тергеу бастады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Астанада тұрғын үйдегі суицидке қатысты полиция тергеу бастады / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Астанада Әнет баба көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған суицид дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады қалалық полиция.

Әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарда оқиғаға қатысты әртүрлі мәліметтер тарап жатыр. БАҚ беттерінде қайғылы жағдайдың 13 жастағы екі қызға қатысты болуы мүмкін екені айтылғанымен, кейбір дереккөздерде бір ғана кәмелетке толмаған бала туралы сөз қозғалады.

Полиция таратқан ресми түсініктемеде зардап шеккендердің нақты саны мен жасы көрсетілмеген. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда биыл жасөспірімдер арасындағы суицид 25%-ға өскенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз