Бензин қай қалада көбірек қымбаттады? Қаңтар мен қазан бағаларына шолу

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
фото: NY

Қазақстанда қазан айында бензин бағасы қаңтардағы деңгейден жоғары болды. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, АИ-92 бензинінің ел бойынша орташа бағасы литріне 235 теңгеден 251 теңгеге көтерілген. Бұл 16 теңге немесе 6,8% өсім. Ал АИ-95 және АИ-96 біріктірілген санатының бағасы 304 теңгеден 315 теңгеге жетіп, 3,6%-ға артқан.

Салыстырылған 20 қаланың бәрінде бензиннің екі санаты да қымбаттаған. Ең жоғары өсім Оралда тіркелді: мұнда АИ-92 литрі 223 теңгеден 247 теңгеге көтерілген. Айырма – 24 теңге немесе 10,8%. АИ-95/96 бағасы да осы қалада ең көп өскен: 285 теңгеден 304 теңгеге дейін, яғни 6,7%-ға.

АИ-92 бағасының өсу қарқыны Түркістанда 8%-ға, Атырауда 7,8%-ға, Павлодарда 7,7%-ға жеткен. Ең төмен өсім Жезқазғанда байқалды: қаңтарда 242 теңге тұрған жанармай қазанда 252 теңгеден сатылған. Яғни 4,1% қымбаттаған.

Ел бойынша АИ-92 бағасының пайыздық өсімі АИ-95/96 санатына қарағанда жоғары болды. Соған қарамастан, қымбаттау қарқыны ең жоғары Орал қазан айындағы ең қымбат қалалардың қатарына кірген жоқ: АИ-92 бағасы елдік орташа көрсеткіштен 4 теңгеге төмен қалды.

Сондай-ақ оқыңыз