АҚШ конгресіне Пентагон басшысына импичмент жариялау туралы қарар енгізілді

АҚШ өкілдер палатасының республикалық партиядан сайланған мүшесі Томас Мэсси қорғаныс министрі Пит Хегсетке импичмент жариялау туралы қарар ұсынды. Ол министрді өкілеттігін асыра пайдаланып, конституцияны бұзды деп айыптап отыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Конгрессменнің ресми сайтында жарияланған құжатта сегіз айыптау тармағы қамтылған. Оның үшеуі АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операцияларына қатысты.
Томас Мэссидің пікірінше, Пит Хегсет конгрестің рұқсатынсыз әскери операцияларды жалғастырып, 1973 жылғы әскери өкілеттіктер туралы заңды бұзған. Атап айтқанда, Иранға қарсы әскери іс-қимылдар заңда белгіленген мерзімнен асып кеткен.
«Ирандағы әскери әрекеттерді конгрестің рұқсатынсыз 90 күннен астам жалғастыру арқылы министр Хегсет заңды бұзып отыр және жауапқа тартылуы тиіс», – деді Мэсси.
Қалған айыптаулар Йемен мен Венесуэладағы әскери операцияларға, бейбіт тұрғындарды қорғау туралы заңнаманың бұзылуына және Дональд Трамп әкімшілігін сынаушыларға қысым көрсетуге қатысты.
Оқи отырыңыз: АҚШ Иранның ядролық бағдарламасы туралы ақпарат бергендерге 20 млн доллар ұсынады