Ақтөбеде мектеп есепшісі 58 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
бухгалтер - ии
Ақтөбеде мектеп есепшісі 58 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Ақтөбедегі №48 орта мектептің бұрынғы бас есепшісі 58 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ақтөбе қалалық №2 сотының баспасөз қызметі жариялаған сот материалына сәйкес, ол 2015–2018 жылдар аралығында бюджет қаражатын өзінің жеке шотына аударып отырған. Жымқырылған ақшаның жалпы сомасы 57,9 млн теңгені құрады.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Түпкілікті үкім бойынша ол 6 жылға сотталып, 7 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. 

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Айта кетейік, осыған дейін Атырау облысында бюджеттен 88,8 млн теңгеден астам қаражат жымқырғаны үшін сотталған есепші рақымшылық бойынша уәде етілген 4 жыл 8 айдың орнына 7 жылын темір торда өткізетіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз