«БАКАД» тәжірибесі: Ұзынағаш бағытына Үлкен айналма автомобиль жолы салынуы мүмкін

Алматы облысында Ұзынағаш бағытына қарай Үлкен айналма автомобиль жолын салу жобасы қарастырылып жатыр. Жобаны «БАКАД» тәжірибесіне ұқсас етіп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) тетігі арқылы жүзеге асыру ұсынылған, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«ҚазАвтоЖол» басшысы Дархан Иманашевтың айтуынша, егер есеп-қисап пен дайындық жұмыстары ойдағыдай аяқталса, құрылыс 2027 жылы басталуы мүмкін.
«Нақты «БАКАД» сияқты болады деп айта алмаймын. Қазір біздің ұсыныс бойынша әкімдікпен Ұзынағаш «БАКАД» жобасын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асыру мәселесін қарастырып жатырмыз. Ұсыныс енгізілді. Енді біраз уақыт керек, жобаны түгендеп, есептейміз. Егер бәрі ойдағыдай болса, Ұзынағаш бағытындағы Үлкен айналма автомобиль жолы жобасын келесі жылы іске асыруды жоспарлап отырмыз», – деді Дархан Иманашев.
Жобаның нақты параметрлері мен қаржыландыру шарттары әзірге нақтыланбаған. 2027 жылы бастау жоспары есептеу жұмыстарының қорытындысына байланысты болады.
Тағы да оқыңыз: Жолдарда ауа райы мен қозғалыс жағдайын көрсететін таблолар пайда болады