Пойыз билеттері соңғы 15 жылда болмаған қарқынмен арзандады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Пойыз билеттерінің бағасы соңғы 15 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті
Пойыз билеттерінің бағасы соңғы 15 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті / Фото: shutterstock

Қазақстанда пойыз билеттері 2011 жылдан бері болмаған рекордтық қарқынмен арзандады. Қазан айында ел ішінде қатынайтын пойыз бағасы бірден 7,3%-ға түсіп, соңғы 15 жылдағы ең жоғары төмендеу көрсеткішін тіркеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ұлттық статистика бюросы теміржол қызметінің дәл осындай қарқынмен арзандауы сирек кездесетін құбылыс екенін айтты. Соңғы 190 айдың (шамамен 16 жыл) үштен бір бөлігінде ғана бағаның айлық төмендеуі тіркелген. Ал қалған 60%-ында баға өсіп, 8%-ында мүлде өзгеріссіз сақталған.

Қазан айында билет бағасы плацкартта да, купеде де арзандады. Бұл ретте өткен аймен салыстырғанда плацкарт вагондарының бағасы купеге қарағанда көбірек төмендеген. Мәселен, плацкарт вагондары 8,5%-ға төмендесе, купе вагондары 6,2%-ға арзандаған.

Теміржол билеттері бағасының бұлайша күрт арзандауына ұлттық тасымалдаушы жариялаған күзгі жеңілдіктер себеп болды. Арнайы акция дүйсенбі мен бейсенбі аралығында қатынайтын кейбір пойыздарға қолданылады.

Еске сала кетейік, елде 2026 жылғы 1 қазанынан бастап пойыз билеттеріне 10 пайыздық жеңілдік енгізіледі. Жеңілдік 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз