Ұлытауда банк менеджері клиенттердің ақшасын жымқырған

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Ұлытауда банк менеджері клиенттердің ақшасын жымқырған / Фото: Shutterstock

Ұлытау облысында банк менеджері үш тұрғынға сақтандыру өтемақысын рәсімдеу және төлеу сылтауымен ақшаларын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ұлытау облыстық прокуратурасының ақпаратына сүйенсек, келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 200 мың теңгені құрады. 

Заң бұзушылық екінші деңгейдегі банктердің қызметтік тексеру материалдарын зерделеу барысында анықталды.

Тексеру барысында белгілі болғандай, банк қызметкері лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, азаматтарды адастырған. Ол сақтандыру өтемақысын рәсімдеу және төлеу сылтауымен олардың қаражатын иемденіп келген.

Сот банк менеджеріне қатысты айыптау үкімін шығарды.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада Instagram арқылы жөндеу және жиһаз жасау қызметін ұсынған ер адам алаяқтық жасағаны үшін сотталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз