Алматыда бір тәулікте айлық жауын-шашынның 76% жауды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматыда бір тәулікте айлық жауын-шашынның 76% жауды / Фото: Kursiv.Media

Алматыда 10 қараша кешінен 11 қараша сағат 21:00-ге дейін 42 мм жауын-шашын жауды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Әкімдіктің мәліметінше, қалада жаңа су басу учаскелері тіркелген жоқ. Бұған дейін анықталған 8 су басу аймағы проблемалық учаскелер тізіміне енгізіліп, қарашаның соңына дейін ретке келтірілетін болды. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 1 579 адамнан тұратын 85 жедел бригада, 415 техника мен 97 мотопомпа кезекшілікке тартылды. Ал күндізгі уақытта қаланы тазалауға 3 250 жуық жұмысшы мен 1 225 арнайы техника шығарылды.

Түнде ауа температурасы 0…–2 °C-қа дейін төмендейді деп күтілуде. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін болғандықтан, тұрғындарға сақтық шараларын сақтау ескертілді.

Еске салсақ, 11 қараша таңертең арық желісінің толуынан «Алатау» метро станциясының солтүстік жаяу жүргіншілер өткелін су басып қалған еді. Су сорылып, аймақ тазартылды, ал метро станциясы штаттық режимде жұмысын жалғастырды.

Сондай-ақ оқыңыз