Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу қажет. Үкіметте өткен білім беру саласын цифрландыру жөніндегі кеңесте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев осындай тапсырма берді деп жазады Kursiv Media.
Жаңа жүйе елдегі барлық білім беру ұйымдарында міндетті болуы мүмкін. Үкімет мәліметінше, биометриялық тексеру екі мәселені шешуге көмектеседі. Яғни білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін күшейтеді және балалардың сабаққа нақты қатысуын автоматты түрде тіркейді.
Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі «Қазақтелекоммен» бірлесіп, өңірлерді Ұлттық білім беру платформасына кезең-кезеңімен қосуды бастайды. Бұл платформа мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға арналған.
Балабақшадағы әр балаға бөлінетін қаржы есептеу тәртібі өзгереді
Үкімет мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыру жүйесін де өзгертуді жоспарлап отыр. Енді мемлекеттік білім беру тапсырысының құнын есептеудің бірыңғай әдістемесі енгізіледі.
Әр балаға бөлінетін қаржының негізгі мөлшері бүкіл ел бойынша ортақ белгіленеді. Ал өңірлер арасындағы айырмашылықты ескеру үшін оған арнайы түзету коэффициенттері қосылады. Олар әр аймақтың нақты шығынын, жалақы деңгейін және жергілікті ерекшеліктерін ескеруге тиіс.
Оқи отырыңыз: