Қар жауып, күн суытады: алдағы үш күнге ауа райы болжамы

Алдағы үш күн, 12, 13 және 14 қарашада республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Ел бойынша жаңбыр және қар жауатыны болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.
Болжамға сәйкес, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда нөсер жауын жауып, көктайғақ болатыны болжанады.
Жекелеген күндері елдің батысында, солтүстігінде, орталығында, ал 13 қарашадан бастап оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша жел күшейеді, елдің шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Ауа температурасы
Батыста түнде +2…+9 °C, күндіз +8…+17 °C жылы болады;
Солтүстікте түнде 2–10 °C аяз, күндіз -2…+5 °C аралығында болады;
Орталықта мен шығыста түнде 5–15 °C аяз, күндіз -3…+5 °C аралығында болады;
Оңтүстікте түнде 1–8 °C салқын, күндіз +5…+12 °C жылы болады;
Оңтүстік-шығыста түнде 3–8 °C суық (таулы аудандарда 11–16 °C аяз), күндіз +2…+10 °C жылы (таулы аудандарда 1–6 °C ) болады.
Бұған дейін Қазгидромет Алматы тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жасаған еді.