Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен ҰҚШҰ саммитіне қатысты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен ҰҚШҰ саммитіне қатысты / Фото: Ақорда

Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Саммитке Қазақстан президентімен бірге Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан басшылары мен ҰҚШҰ Бас хатшысы қатысты, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.

Мемлекеттер басшылары Ұйымның 2026 жылғы қызметін қорытындылап, халықаралық әрі өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады.

Президент Тоқаев өз сөзінде мына негізгі бағыттарға тоқталды:

  • Ресей тарапының ҰҰШҰ-дағы нәтижелі төрағалығына оң баға берді;
  • Халықаралық терроризмге, есірткі тасымалына қарсы күресті күшейтуді ұсынды;
  • Жасанды интеллект технологияларының дамуын ескере отырып, ақпараттық қауіпсіздікті нығайтуға шақырды;
  • Төрағалық тізгінін алған Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға сәттілік тіледі.

Жиын қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданып, ұжымдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды.

Сондай-ақ оқыңыз