Қысқы Паралимпиада жеңімпазы Хамитов жазғы спорт түрінен әлем чемпионы атанды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қысқы Паралимпиада жеңімпазы Хамитов жазғы спорт түрінен әлем чемпионы атанды / Фото: Instagram / khamitovyg

Қазақстандық параспортшы Ербол Хамитов Абу-Дабиде (БӘӘ) өткен Abu Dhabi World Para Jiu-Jitsu Championship 2026 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Пара-джиу-джитсудан күлгін белбеу иелері арасында (A3 класы) өнер көрсеткен ол барлық қарсыласын сенімді түрде жеңді. Хамитов жартылай финалда бразилиялық Джексон Рибейроны 8:2 есебімен басып озса, финалда АҚШ спортшысы Растин Хьюзді 13:2 есебімен ойсырата жеңді.

A3 категориясы бойынша жүлдегерлер:

  1. Ербол Хамитов (Қазақстан) – алтын
  2. Растин Хьюз (АҚШ) – күміс
  3. Джексон Рибейро (Бразилия) – қола

Еске сала кетейік, қазақстандық Ербол Хамитов 2026 жылғы 10 наурызда қысқы Паралимпиада ойындарында шаңғы жарысынан қола медаль жеңіп алып, өзінің алғашқы жүлдесіне қол жеткізген болатын. Көп ұзамай, 13 наурызда биатлоннан Паралимпиада чемпионы атанды. 

Сондай-ақ оқыңыз