Ресей транзитті шектеді: Қазақстан көмір экспортынан 470 млн доллар жоғалтуы мүмкін

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Business News бөлімінің аға журналисі
Ресей арқылы көмір экспортының шектелуіне байланысты Қазақстан 400-470 млн доллар жоғалтуы мүмкін
Ресей арқылы көмір экспортының шектелуіне байланысты Қазақстан 400-470 млн доллар жоғалтуы мүмкін / фото: shutterstock

Ресей 2026 жылдың екінші жартысында Балтық порттары арқылы өтетін қазақстандық көмірдің Еуропаға экспортын тоқтатты десе болады. Сарапшы Ернар Серік шектеулерден келетін жалпы шығынды 400-470 млн доллар аралығында бағалап отыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Сауда сарапшысы өзінің Tradereport арнасында Ресей аумағы арқылы шетелге тасымалданатын қазақстандық көмір экспортының статистикасы туралы жазды.

Айтуынша, тамыз айынан бастап Ресей темір жолдары арқылы Балтық порттарына қарай өтетін транзит толықтай дерлік тоқтаған. Тасымал көлемі тамыздағы 1 млн тоннадан қазан айында 30 мың тоннаға дейін қысқарды. Ал «Ресей темір жолдары» қазан және қараша айларына Балтық бағытына жасалған бірде-бір қазақстандық транзиттік өтінімді мақұлдамаған.

Салыстырмалы түрде, 2025 жылы Ресей арқылы 11,7 млн тонна қазақстандық көмір тасымалданған болатын (бір жылда +27% өсім). Ал 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында транзит көлемі тағы 20%-ға өскен еді.

Сарапшының пікірінше, бұл жағдайға ресейлік көмір өндірушілердің ықпалы себеп болуы мүмкін. Олар өздерінің экспорттық ағынын Азов-Қара теңіз бассейнінен Балтық порттарына бұрды. Салдарынан теміржолдың өткізу қабілеті Қазақстан көмірін тасуға жетпей қалған.

Ресей арқылы өтетін басқа бағыттарда да қиындықтар бар. Мәселен, Азов теңізіндегі Тамань порты арқылы жөнелту тамыздан бері тоқтаса, Усть-Лугада қараша айында жүк қабылдау қуаты айтарлықтай қысқарды. Бұған қоса, көмір тасымалдау құны 2,5 есеге қымбаттап, тоннасына 19,8 долларға бірақ жеткен.

«Нәтижесінде қазақстандық көмірдің Еуропа мен Түркияға, соның ішінде Польша мен Нидерланды сияқты нарықтарға жеткізілуіне қауіп төнді. Каспий арқылы және шығысқа қарай балама бағыттар бар, бірақ олардың мүмкіндігі шектеулі әрі логистикасы көбіне қымбатқа түседі», – дейді Ернар Серік.

Экономистің бағалауынша, жыл соңына қарай экспортталмай қалған көмір көлемі 3,5 млн тоннаға жетуі мүмкін. Көмір бағасы тоннасына 115-135 доллар болса, бұл 400-470 млн доллар экспорттық құнға тең. Осылайша, бұл қазақстандық өндірушілер дәл осы көлемде шығынға батты дегенді білдірмейді, өйткені өнімнің бір бөлігі басқа бағыттарға қайта бағытталады. Нарық қатысушылары жағдай 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін реттеледі деп күтеді.

Сондай-ақ оқыңыз