Air Astana тоғыз айда 2,7 млн доллар шығынға ұшырады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Air Astana тоғыз айды 2,7 млн доллар шығынмен аяқтады
Air Astana тоғыз айды 2,7 млн доллар шығынмен аяқтады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша Air Astana 2,7 млн доллар таза шығынға ұшырады. Бұған шығындардың кірістен жылдам өсуі мен шетелдік әуе отынының 47%-ға қымбаттауы себеп болған, деп хабарлайды Kursiv.Мedia. 

Air Astana 2026 жылдың 3-тоқсаны мен тоғыз айындағы қаржылық нәтижелерін жариялады. Компанияның түсімі екі таңбалы қарқынмен өсуін жалғастырып келеді, алайда шығындардың артуы бизнестің рентабельділігін айтарлықтай төмендетіп отыр.

2026 жылдың тоғыз айындағы негізгі қаржылық көрсеткіштер

2026 жылдың тоғыз айында Air Astana тобының жалпы кірісі 17,9%-ға артып, 1,29 млрд долларға жетті. Дегенмен ақша көп түскенімен, компанияның негізгі операциялық табысы (EBITDAR – ұшақ жалдау мен салықтарды шегергенге дейінгі пайда) 5,7%-ға азайып, 247,3 млн долларды құрады. Тиісінше, бизнестің табыстылық деңгейі де 23,9%-дан 19,1%-ға дейін төмендеді. Нәтижесінде өткен жылы 31,2 млн доллар таза пайда тапқан әуе компаниясы биыл осы кезеңді 2,7 млн доллар таза шығынмен жапты.

Есепті кезеңде жолаушылар саны да 1,1%-ға кеміп, 7,44 млн адам болды. Ал компанияның есепшоттарындағы қолма-қол ақша қоры былтырғы 539,6 млн доллардан 511,5 млн долларға дейін қысқарды.

Десе де, 3-тоқсанда жағдай біршама түзелді: түсім 20,6%-ға өсіп, 529,1 млн долларға жетсе, операциялық табыс (105,6 млн доллар) былтырғы деңгейде сақталды. Бұл тоқсанда компания 18,5 млн доллар таза пайда тапты (өткен жылмен салыстырғанда 10,3%-ға аз). Жалпы алғанда, әуе тасымалдаушының басты мәселесі – шығындардың кірістен әлдеқайда жылдам өсуі болып отыр.

Оқи отырыңыз: Табысы азайған Air Astana былтыр Питер Фостерге 700 млн теңгеге жуық сыйақы төлеген

Сондай-ақ оқыңыз