Air Astana Алматы мен Астанадан Шарм-эль-Шейхке тұрақты рейстер ашады

Air Astana әуекомпаниясы желтоқсаннан бастап Алматы мен Астанадан Мысырдың Шарм-эль-Шейх курортына тұрақты рейстерді іске қосады. Алматыдан алғашқы рейс 10 желтоқсанда, ал Астанадан 11 желтоқсанда орындалады деп жазады Kursiv Media.
Бұған дейін Шарм-эль-Шейхке әуе қатынасы тек чартерлік рейстер арқылы жүзеге асырылған. Енді жолаушылар билеттерді әуекомпанияның ресми сайты мен мобильді қосымшасынан, сондай-ақ туроператорлар мен аккредиттелген турагенттіктерден сатып ала алады.
Рейстер кестесі
Алматыдан Шарм-эль-Шейхке рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал Астанадан сейсенбі және жұма күндері A321 ұшағымен орындалады.
Алматыдан KC8275 рейсі сағат 07:20-да ұшып, жергілікті уақыт бойынша 11:50-де Шарм-эль-Шейхке жетеді. Кері бағыттағы KC8276 рейсі 12:50-де ұшып, Алматыға 22:10-да қонады. Ұшу ұзақтығы – 7 сағат 30 минут.
Астанадан KC8277 рейсі 06:50-де ұшып, Шарм-эль-Шейхке 10:45-те жетеді. KC8278 кері рейсі 11:55-те ұшып, Астанаға 20:50-де келеді. Ұшу ұзақтығы – 6 сағат 55 минут.
Әуе билеттерінің бағасы
Air Astana мәліметінше, екі бағыт бойынша да барып-қайту билеттерінің ең төменгі бағасы мынадай:
- Алматы – Шарм-эль-Шейх – Алматы: эконом-класс – 283 690 теңгеден, бизнес-класс – 597 864 теңгеден;
- Астана – Шарм-эль-Шейх – Астана: эконом-класс – 283 734 теңгеден, бизнес-класс – 588 932 теңгеден.
Оқи отырыңыз: